Шектеу іс–шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 8 "Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қазанда № 5680 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № ВО 3–4/78 ұсынысына сәйкес, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайыңды ауылдық округінің "Көбек" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан жұқпалы бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитариялық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 8 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5554 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі М.Казмуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады