Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 2 "Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 5471 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 9 ақпандағы № 2 "Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-81 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Құдықсай ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 02 ақпандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі Н. Изтлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады