Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қыркүйекте № 5648 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 07.12.2017 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 16-8/75 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жануарлар арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты, профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін Шетырғыз ауылдық округінің Қаратоғай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шетырғыз ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Ж. Табынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады