Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы "Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 97 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 266 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 27 шілдеде № 4283 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 наурыздағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 06.03.2018 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4159 тіркелген, 2017 жылдың 1 сәуірінде "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      17, 18-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

      "17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрлілігінің өсу тәртібімен "+1"-ден "+5"-ке балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1 қосымшасына сәйкес "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Б. Байжұмановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысның
      әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "27" маусым № 266 қаулысына қосымша
  Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-1- қосымша

Алматы облысы жергілікті атқару органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмешілерінің көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері үшін балл шәкілдері

Балдар

Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері

5 балл

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу

Мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған қызметшілері арасында лауазымға тағайындалғаннан кейінгі бірінші жыл ішінде жұмыстан шығу санының өсуіне жол бермеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

Терең зерттеуді және талдауды талап ететін тапсырмаларды, сондай-ақ нақты позициялар әзірлей отырып, орындау мерзімі бір күн болатын тапсырмаларды орындау

Жұмыста уақытша жоқ мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқару және лауазымдарды қоса атқару

Баяндамаларды, баяндамалардың тезистерін, сөйлейтін сөздер, баспасөз парақтарын, анықтама материалдарын дайындау

Жоғары тұрған органдарға жіберілетін жинақ есептерді, талдамалық ақпараттарды сапалы және уақытылы дайындау

Кезекшілік, шұғыл тапсырмаларды орындау үшін жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту

4 балл

Облыстың әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізу, салалық мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету

Басқа құрылымдық бөлімшелер ұйымдастыратын және жүргізетін тексеру іс-шараларына қатысу

Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау

Бақылау іс-шараларын жүргізу, олардың қорытындысы бойынша анықталған кешіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар

Мемлекеттік құпияларды құрайтын құжаттармен жұмыс жасау

Тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру

Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мемлекеттік органның тиімді қызмет атқаруы үшін ұсыныстар енгізу

Форумдарды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, дәрістерді, түсініктемелерді ұйымдастыру және өткізу

3 балл

"Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау

Мемлекеттік органның қызметі туралы бейне және аудио сценарийлер, авторлық мақалалар мен жарияланымдар дайындау

Сот актілерін шығару барысында мемлекеттік орган пайдасына наразылық, талап арыз беру қызметін жүзеге асыру

Мемлекеттік орган кеңестері, комиссия отырыстары үшін материалдар дайындау және өткізілуін ұйымдастыру

2 балл

Мемлекеттік органның өз ерекшелігіне сәйкес жұмысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру

Жұмыс топтары, комиссиялар жұмысына қатысу

1 балл

Лауазымдық міндеттерін тікелей орындау барысында шет тілін қолдану

Архивке құжаттарды сапалы өңдеп, өткізу

Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу (ұжымның спорттық, мәдени іс-шараларына)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады