Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 178 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 3531 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орын белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Мұсаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Орынбеков

      "Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы №178 қаулысына келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

      бассейндік инспекциясы басшысының

      міндетін атқарушы

      Р.М. Иманбет

      2017 жылы "22" 08

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің

      Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық

      сақтау департаментінің басшысы

      Б.К. Жарқынбеков

      2017 жылы "23" 08

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Жамбыл облысы бойынша

      экология департаментінің басшысы

      Қ.Қ. Мәдібек

      2017 жылы "23" 08

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 21 тамыздағы
№ 178 қаулысына қосымша

Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орын

Су объектісінің атауы

Халықтың көпшілік демалатын орны

Орналасқан жері

1.

Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінде "Аяқарал" аралы

жағажай

Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көліндегі "Аяқарал" аралы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады