Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 188 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 3481 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес егістік жер учаскесіне тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай он жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер пайдаланушыларына қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және егістік жер учаскесіне тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбілашұлы Балқыбековке жүктелсін.

      5 . Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 26 мамырдағы
№ 188 қаулысына қосымша

Егістік жер учаскесіне тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай он жыл мерзімге белгіленетін қауымдық сервитут

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар жалпы

оның ішінде

ұзындығы метр

ені, метр

тәлімді егістік (гектар)

1

Ескі Шу ауылдық округі

4323.08

36000

6000

4323.08

2

Жана жол ауылдық округі

1691.21

-

-

1691.21

3

Бірлікүстем ауылдық округі

1266.31

-

-

1266.31

4

Қонаев ауылы

3217.7

-

-

3217.7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады