Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 108 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 сәуірде № 5786 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 188 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2018 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық Кодексі) 495-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 121 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4217 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 8 және "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 жарияланған);

      2) "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 121 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 145 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4224 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 25 сәуірдегі № 78-79 және "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 65 жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының мәслихатының
      12 сессиясының төрағасы хатшысы
      И. Шағыртаев Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 108 шешіміне қосымша

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелері, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріне қарай анықталады.

      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет
N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады