"Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 887 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 5988 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5697 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы, "Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Жобаларға сараптама жүргізу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;

      3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін облыстық бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады