Жалағаш ауданының кейбір елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 53 қаулысы және Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10-8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 5791 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Бұқарбай батыр ауылының шекарасы (шегі) Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 252 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 494 гектар болып, Еңбек ауылының шекарасы (шегі) Еңбек ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 199 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 318 гектар болып, Темірбек Жүргенов ауылының шекарасы (шегі) Мақпалкөл ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 411 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 492 гектар болып өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш Жалағаш аудандық
      ауданының әкімі мәслихатының 10-сессиясының
       төрағасы
      Т. Дүйсебаев К.Мустафаева
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы М.Еспанов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы “17” наурыздағы
  № 53 қаулысына және
  Жалағаш аудандық мәслихатының
  2017 жылғы “17” наурыздағы
  № 10-8 шешіміне қосымша

Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр, Еңбек, Темірбек Жүргенов ауылдарының шекараларына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы


Жерлердің атауы
Жалпы көлемі (гектар)
оның ішінде (гектар)
ауыл шаруашылығы алқаптары
үй іргелік жерлер
басқа да жерлер
жайылымдар
1
2
3
4
5
6
1
Бұқарбай батыр ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
242
-
50
192
2
Бұқарбай батыр ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
252
202
-
50
3
Бұқарбай батыр ауылының шекарасы (шегі)
494
202
50
242
4
Еңбек ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
119
-
22
97
5
Еңбек ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
199
160
-
39
6
Еңбек ауылының шекарасы (шегі)
318
160
22
136
7
Темірбек Жүргенов ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
81
-
15
66
8
Темірбек Жүргенов ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
411
330
-
81
9
Темірбек Жүргенов ауылының шекарасы (шегі)
492
330
15
147

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады