Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 қазандағы N 16 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада N 6022 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастикалық комиссияның 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Таң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таң ауылындағы келесі атауы жоқ көшелерге:

      1) "Жамбыл Жабаев" есімі;

      2) № 2 көшеге "Жаңақоныс" атауы;

      3) № 3 көшеге "Қарасу" атауы берілсін.

      2. Таң ауылының келесі көшелері:

      1) "Абай" көшесі "Абай Құнанбаев" есімімен;

      2) "Уәлиханов" көшесі "Шоқан Уәлиханов" есімімен;

      3) "Жамбыл" көшесі "Мүсірәлі баба" есімімен;

      4) "Сейфуллин" көшесі "Сәкен Сейфуллин" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таң ауылдық округі әкімі А.К. Байнахатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады