Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 6806 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбеci

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4958 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 тамызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      2. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 574 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      3. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 67 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады