Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жылумен жабдықтау желілерін салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 1423 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 7330 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, 39 махалла мекенжайында орналасқан жылумен жабдықтау желілерін салу үшін алаңы 0,5514 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады