Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық окгругі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 6875 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8 тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 01-27/330 ұсынысы және 2016 жылғы 28 қарашадағы № 01-27/408 хатын негізге ала отырып, Қырым ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің Озерное ауылына жақын орналасқан "Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары 2016 жылдың 29 қарашасынан бастап тоқтатылсын.
      2. Қырым ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 ақпандагы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6250 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 28 қарашасынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
       Ғ. Шахайдари

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады