Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 7104 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің 19.01.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 01-20/55 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылы Краснознамен ауылдық округінде орналасқан ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынаша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Сарыкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария болімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық – санитариялық іс – шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Краснознамен ауылдық округі әкімі C. Горшенин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Сарыкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Е. Қ. Құрманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Сарыкөл аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау баскармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ С. С. Ибраева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________________ Ш. Ж. Сатубалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады