Қостанай облысы Федоров ауданы Малороссийка ауылының аумағында орналасқан "КиТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағындағы шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 6878 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-20-263 ұсынысының негізінде Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЬІЛДАДЬІ:
      1. Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі Малороссийка ауылының аумағында орналасқан "КиТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағынан ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары 2016 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тоқтатылсын.
      2. "Қостанай облысы Федоров ауданы Малороссийка ауылының аумағында орналасқан "КиТ" жауапкершілігі шектеулі серіктеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 18 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6714 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 12 желтоқсанда туындаған қатынастарға таратылады.
       Е. Абдурахманов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Федоров ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________ У.А. Успанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады