Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 135/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 130/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 маусымда № 5548 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 135/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттар "Бозентан", "Риоцигуат", "Илопрост" амбулаториялық емдеу кезінде тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша қамтамасыз етілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Әбішева
      Облыстық мәслихат хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады