Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 334/39 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Экибастуз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 198/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 5754 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4620 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Отарқа" газетінде және 2015 жылғы 30 шілдеде "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 334/39 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Ищенко
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады