Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің "Ата-Қоныс" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 1-03-02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5813 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 1-03-05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 1-03-05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қарамалдың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің "Ата-Қоныс" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), мемлекеттік мекемелері, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданы Қызылтау
      ауылдық округінің әкімі Р. Мұқашев
      "КЕЛІСІЛДІ:"
      "Баянауыл ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Т. Дәулетов
      2017 жылғы "25" желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ:"
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      Шаруашылығы Министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Баянауыл
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Д. Нұрғалиев
      2017 жылғы "25" желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ:"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
      сақтау комитеті Павлодар облысы
      Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
      Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Т.Н. Ишанова
      2017 жылғы "25" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады