Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 ақпанда № 5385 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл ауылындағы "Фурманов" көшесі "Ахметқали Тезекбаев" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тереңкөл ауылдық
      округінің әкімі Қ. Әбсәлямов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады