Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир ауданы Береговое ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 5622 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі әкімінің 26.10.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Качир ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 2-19/193 ұсыныс негізінде, Береговое ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Береговое ауылдық округі Береговое ауылының мына көшелерінде ірі қара малдың бруцеллезбен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін:

      "Тәуелсіздік" көшесі № 16 үйден № 36 үйге дейін;

      "Мир" көшесі № 12 үйден № 43 үйге дейін;

      "Лермонтов" көшесі № 1 үйден № 34 үйге дейін;

      "Гагарин" көшесі № 3 үйден № 32 үйге дейін;

      "Целинная" көшесі № 1 үйден № 43 үйге дейін;

      "Абай" көшесі № 63 үйден № 112 үйге дейін;

      "1 Май" көшесі № 7 үйден № 36 үйге дейін;

      "Катаев" көшесі № 4 үйден № 21 үйге дейін;

      "Победа" көшесі № 48 үйден № 76 үйге дейін.

      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемелері (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Качиры аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Береговое ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Р. Құланбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Качир ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Мягченко
      2017 жылғы "14" тамыз
      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Качир
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Сәрсенов
      2017 жылғы "14" тамыз
      "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Павлодар облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Качиры аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Тыртықаев
      2017 жылғы "14" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады