Качир ауданы Октябрь ауылдық округі Октябрьское ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 5362 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Октябрь ауылдық округі Октябрьское ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Октябрь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Октябрь ауылдық округі Октябрьское ауылының мына көшелері:
      "Ленин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
      "Кирова" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
      Октябрь ауылдық
      округінің әкімі М. Мирманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады