Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 мамырда № 5508 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2015 жылғы 11 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Трофимовка ауылындағы "Киров" көшесі "Григорий Пантелеевич Кравченконың" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақұрылыс ауылдық
      округінің әкімі Б. Капбасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады