Качир ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 5424 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Федоровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының мына көшелері:
      "Павлова" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
      "Южная" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Федоровка ауылдық округінің әкімі Е. Куставлетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады