Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 4/43 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/20 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 5635 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4272 болып тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 24 қаңтарда № 4 жарияланған) № 4/43 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С. Ташенова
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады