Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің Тимирязев, Белоусов ауылдарындағы кейбір көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Белоусов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 5644 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Белоусов ауылдық округінің Белоусов және Тимирязев ауылдары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2017 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Белоусов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің Белоусов ауылындағы келесі көшелері:

      "Турксибская" көшесі "Астана" көшесі болып;

      "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесі болып;

      "Советов" көшесі "Тәуелсіздікке 25 жыл" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің Тимирязев ауылындағы "Новая" көшесі "Отан" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белоусов ауылдық
      округінің әкімі Д. Аспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады