Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы

Күшін жойған

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХVІ сессиясының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 104 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 маусымда № 1380 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес VІ сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Орфандық және сирек кездесетін аурулармен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша "Агалнидаза (Фабразим)", "Ритуксимаб (Мабтера)", "Инфликсимаб", "Рилузол (Боризол)", "Элтромбопаг (Револейд)" дәрілік заттары тегін берілсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.

      4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының ХVI сессиясының
      төрағасы Ш. Умаров
      VI сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады