Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі N 3/351 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте N 1407 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 4/515 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 4/515 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 770 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 сәуірде "Вечерний Алматы" және 2008 жылғы 5 сәуірде "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы ережедегі:

      3 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының қатарынан, Алматы қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және басқа да органдар мен ұйымдардың өкілдерінен құрылады.";

      4 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ".

      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/541 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1209 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады