Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі Привольное ауылының "Колос" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында жұқпалы ринотрахеит бойынша шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 4129 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 08-08/99 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
       1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі Привольное ауылының "Колос" фермерлік қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында жұқпалы ринотрахеит ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
       2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі Привольное ауылының "Колос" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 4050 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2017 жылғы 20 ақпандағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2017 жылғы 20 ақпандағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның Новоселов ауылдық
округінің әкімі
Ш. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады