Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі Заградовка ауылы "Прометей-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 4351 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 09-11/130 Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Заградовка ауылы "Прометей-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Заградовка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Заградовка ауылы "Прометей-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4243 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 шілдесінде жарияланған) шешімі күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б.Төлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады