Шектеу іс-шараларын енгізуімен байланысты ветеринариялық тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 тамызда № 4285 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 15.02.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасынның 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігі Ветеринариялық және қадағалау комитетінің Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 12-11/93 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға, Образец ауылдарында орналасқан "ЖНВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық тәртібі белгіленсін.

      2. Мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға, Образец ауылдарында орналасқан "Жигалова "Карагугинское" шаруашылық фермерлік қожалығы аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық тәртібі белгіленсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарақоға ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Ю. Зиберт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады