Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 45 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 наурызда № 4075 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 34 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3104 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 наурыздағы № 9 "Солтүстік жұлдызы", 2015 жылғы 06 наурыздағы № 10 "Знамя труда" аудандық газеттерде жарияланған) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта атауы және мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3103 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 наурыздағы № 9 "Солтүстік жұлдызы", 2015 жылғы 06 наурыздағы № 10 "Знамя труда" аудандық газеттерде жарияланған) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Х. Мушараповаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады