Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі Зеленый Гай ауылының "Тайынша Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 4301 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 2 тамыздағы №14-29/115 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі Зеленый Гай ауылындағы "Тайынша Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының аумағында ветеринариялық режимнің енгізілуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 шілдедегі № 3832 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамыздағы №33 "Тайынша Таңы", 2016 жылғы 5 тамыздағы №31 "Тайыншинские Вести" газеттерінде жарияланған),

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленый Гай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының аумағында ветеринариялық тәртібін енгізуіне байланысты шектеу іс-шараларды белгілеу туралы" Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі №9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №3894 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазандағы №41 "Тайынша Таңы", 2016 жылғы 7 қазандағы №41 "Тайыншинские Вести" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеленогай ауылдық округінің әкімі Г. Бәтенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады