Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 "Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 295 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте № 3952 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 "Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (бұдан әрі-қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2017 жылы 5 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы";

      2) қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: "Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Ұ. Тналиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады