Исатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 174 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 3955 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 - баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 - бабы 4 - тармағы 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 - бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ұсынылып отырған Исатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
      "Исатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 183 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3606 болып тіркелген, 2016 жылы 6 қазанда "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Мырзағалиевке жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев

  Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 174 қаулысына қосымша

Исатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге)

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Бөбек жай

Бақша

Бөбек жай

Бақша

295

1076

29312

360

450

7920

9900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады