Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 16 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 3891 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қортындысы негізінде Мақаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға, Иманов, Қарақұл, Көкарна, Ниетбай ауылдарындағы және Афанасьев бекетіндегі кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Муфтахов

  Мақаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "2" маусымдағы № 16 шешіміне қосымша

1. Алға ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге – "Смағұл Көшекбаев" есімі;

      2) № 2 көшеге – "Әбу Сәрсенбаев" есімі;

      3) № 3 көшеге – "Жандол Жаманбаев" есімі;

      4) № 4 көшеге – "Нұғыман Ақбетов" есімі;

      5) № 5 көшеге – "Мақаш әкім" есімі;

      6) № 6 көшеге – "Сибағат ата" есімі;

      7) № 7 көшеге – "Ләтипа Сисенова" есімі;

      8) № 8 көшеге – "Жұмажан Мәмбеталиев" есімі.

2. Иманов ауылындағы көше атауы:

      № 1 көшеге – "Сүндет Қажетов" есімі;

3. Қарақұл ауылындағы көшелер атауы тізімі:

      1) № 1 көшеге – "Зұлхарнай Ғұмаров" есімі;

      2) № 2 көшеге – "Мәрия Сейтқазиева" есімі;

4. Көкарна ауылындағы көше атауы:

      № 1 көшеге – "Тайбурыл" атауы.

5. Ниетбай ауылындағы көше атауы:

      №1 көшеге – "Ынтымақ" атауы

6. Афанасьев бекетіндегі көше атауы:

      №1 көшеге – "Теміржолшылар" атауы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады