Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 мамырдағы № 130 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 26 мамырда № 4110 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1 тармағының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының төмендегі тізбесі бекітілсін:

      жануарлардың бірнеше түріне ортақ аурулар – пироплазмоз, тейлериоз, сальмонеллез;

      жылқылардың ауруы – нуталлиоз, сақау;

      түйелердің ауруы – су-ауру.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 15.02.2019 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануына жолдануын;

      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Мендебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады