2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 132 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 маусымда № 5080 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 4-2-12/7863 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес 2017 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;

      2) осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2017 жылға арналған нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "26" мамырдағы
№ 132 қаулысына
1 қосымша

2017 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі

р/с

Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы

1

Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр, рапс, қытайбұршақ)

2

Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер

3

Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)

4

Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс

5

Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "26" мамырдағы
№ 132 қаулысына
2 қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2017 жылға арналған нормалары

р/с №

Басым ауылшаруашылық дақылдары

Өлшем
бірлігі

Субсидия нормасы, теңге

1

Күнбағыс

1 тоннаға

10 000

2

Қытайбұршақ

1 тоннаға

25 000

3

Мақсары

1 тоннаға

6 400

4

Рапс

1 тоннаға

13 800

5

Зығыр

1 тоннаға

11 000

6

Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

1 гектарға

8 000

7

Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)

1 гектарға

8 000

8

Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

1 гектарға

10 000

9

Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақтағы көкөністер (дәнді дақылдардың екі айналымына)

1 гектарға

11 000 000

10

Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақтағы көкөністер (дәнді дақылдардың екі айналымына)

1 гектарға

3 000 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады