Риддер қаласының Бутаково ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 5 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 4862 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 26.03.2018 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2016 жылғы 07 желтоқсандағы № 17 ұсынысы негізінде, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласының Бутаково ауылында ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Риддер қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.К. Ускембаев) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Б.Р. Құрманбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
       Министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Риддер қалалық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________Б. Ускембаев

      2017 жылғы "5" қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады