Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылына және "Черногорка", "Альжан", "Тоғас", "Ерболат", "Ерлан", "Малика" шаруа қожалықтарына шектеу іс–шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 5342 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 08.01.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 31 қазандағы № 535 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылына және "Черногорка", "Альжан", "Тоғас", "Ерболат", "Ерлан", "Малика" шаруа қожалықтарына шектеу іс – шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

            3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі А. Касиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады