"Ұлан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 89 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 4972 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 172 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 172 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген), Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұлан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Ұлан аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 66 "Ұлан аудандық мәслихатаппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметінбағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Бережной
      Ұлан аудандық
      мәслихат хатшысы О. Сыдыков

  Ұлан аудандық мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 89 шешімімен бекітілді

"Ұлан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінің негізінде әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) (бұдан әрі – үлгілік Әдістеме) және "Ұлан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) үлгілік Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей үлгілік Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Б" корпусы қызметшілері үшін жеке жоспарлардың нысаны мен құрамы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің автоматтандырылған бағалау жүйесімен көзделген ерекшеліктері негізінде электронды түрде құрастырыла алады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметшіге беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

       Кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға үлгілік Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші, құжат айналымы қызметі берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

       

     


     


      – тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 баллдан астам – "өте жақсы".

5-тарау. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін үлгілік Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

      Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.

      32. Кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     

 

     


      – жылдық баға;

     


      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл, "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл, "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл, "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

     


      – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы". 

6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) үлгілік Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді.
36. Кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметші танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырады.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр жұмысын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметшіде сақталады.

7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  Ұлан аудандық мәслихаты
аппараты Мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс оспары жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):___________________________________________

      Қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________________________

№ р/с

Шаралардың аталуы*

Іс-шараның нәтижесі

1

Іс-шара


2

Іс-шара


3

Іс-шара


4


      Ескертпе:
*- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс


Қызметші 
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_____________
күні ______________________________
қолы _____________________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______________________________
күні ___________________________
қолы ___________________________

  Ұлан аудандық мәслихаты
аппараты Мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Бағалау парағы

_____________________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): __________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер


1








2








3

… 








Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
күні ______________________________
қолы _____________________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________
күні ________________________________
қолы _______________________________

  Ұлан аудандық мәслихаты
аппараты Мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

Бағалау парағы

_________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_______________________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Аталуы

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




2

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




3

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін




4






Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдай ___________________
күні __________________________________
қолы __________________________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________
күні______________________________
қолы _____________________________

  Ұлан аудандық мәслихаты
аппараты Мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

_____________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның ұсыныстары

1.




2.




...




      Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: ______________________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: ______________________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: _______________________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады