Ұлан ауданының Аблакет ауылдық округінің Мамай батыр ауылы және "Кайнар", "Назбиев", "Жетеу", "Болашақ" шаруа қожалықтарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5304 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 04.01.2019 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекция басшысынын міндетін атқарушысының 2017 жылғы 24 қазандағы № 01-14/397 ұсынысына сәйкес, Аблакет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің Мамай батыр ауылы және "Кайнар", "Назбиев", "Жетеу", "Болашак" шаруа қожалықтарын ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аблакет ауылдық округ әкімінің
      міндеттін атқарушы М. Кырыкбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады