Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-4 "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 148 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-5 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 маусымда № 4830 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4 "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3254 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда "Орал өңірі" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бірлескен қаулымен және шешіммен белгіленген жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларында:

      1-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 Орал қаласы 1560";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 Ақсай қаласы 1250".

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Көлгінов
      Сессия төрайымы Л.Тұрсынова
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады