Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 17-2 "Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 4851 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі №17-2 "Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2927 тіркелген, 2005 жылы 24 мамырда "Орал өңірі" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Орал қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орал-Самара жолынан солтүстікке қаланың солтүстігі бойынша Солтүстік шығыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді қоса және Желаев өндірістік торабымен қаланың шығыс шекарасы (Желаев ауылын қоспағанда) теміржол жері бойымен солтүстік-шығыс ауданындағы жеке құрылыстар шекарасына дейін және осы шекара бойымен Московский көшесі бойымен Орал-Самара тас жолына дейін 1,75";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Зашаған кентінің жерлері, солтүстіктен қоса алғанда Деркөл кенті аумағындағы жол торабынан темір жол бойымен Шаған өзеніне дейін, оның оңтүстігіне оң жағалауымен сағасына дейін, Анискино көлі бойымен Жайық өзеніне дейін, Жайық өзені бойымен "Ізденіс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жерінің шекарасына дейін, Меловые горки ауылын қоса одан әрі қала жерінің оңтүстік шекарасы бойымен Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының жеріне дейін, одан әрі Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы жерінің шекарасы бойымен жол торабына дейін 1,75";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Деркөл кентінің жерлері, 2-газ тарату стансасын қоса, "Үміт" ауылы, "Белая казарма" аймағы, Деркөл, Шаған өзендері аңғарындағы жерді қоса алғанда, Шаған өзені арқылы өтетін теміржол көпіріне дейін 1,4";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Серебряков ауылы, Круглоозерное кенті, Меловые горки ауылы, Желаев ауылының жерлері және басқа да елді мекендері 0,75".

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л.Тұрсынова
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады