Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 1061 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 4786 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 1700 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 12.07.2018 № 1700 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 154 бұйрығын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 шілдедегі №11763 болып тіркелген) басшылыққа алып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.

      2. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №1880 "Орал қаласы бойынша 2016 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4489 тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Жайық үні-Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Закаринге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н.Төреғалиев

  Орал қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 1061 қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі

Маршруттардың атауы

1

Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі

2

Орал қаласы - "Барбастау" бау-бақша серіктестігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады