Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 16416 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" "Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кірісіпе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А.М.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 139 бұйрығымен бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 152-бабына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларды (бұдан әрі – заңсыз өткізілген тауарлар) уақытша сақтау Кодекске сәйкес кедендік бақылау аймақтарында, оның ішінде уақытша сақтау орындарында, аталған тауарлар анықталған тұлғалардың, кедендік төлемдер және салықтарды төлеуді қамтамасыз ете отырып қоймаларында жүзеге асырылады.

      3. Заңсыз өткізілген тауарларды сәйкестендіру мақсатында, осы тауарларды анықтаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары "Кеден құжаттарының нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша Кедендік тексеру актісін жасай отырып, кедендік тексеру жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Заңсыз өткізілген тауарларға және мемлекеттік кірістер органдары бұл тауарларды ЕАЭО кеден аумағында сатып алған тұлғалардан анықтаған тауарларға қатысты кедендік операцияларды орындау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу тәртібі

      4. Заңсыз өткізілген тауарларға арналған кедендік декларация (бұдан әрі – декларация) осындай тауарларды анықтаған мемлекеттік кірістер органына беріледі.

      5. Егер сотқа дейінгі тергеу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында заңсыз өткізілген тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталмаса, осындай тауарларды сатып алған тұлға декларант ретінде әрекет етеді. Бұл ретте, көрсетілген тұлғаға декларанттың өкілеттілігін бекіту үшін заңсыз өткізілген тауарларға қатысты, осындай тауарларды заңды сатып алуды растайтын құжаттар (сатып алу – сату шарты, шот-фактурасы және басқа да құқық белгілейтін құжаттар) немесе соңғы инстанциядағы соттың процессуалдық құжаты – шешімі (сот қаулысы), қылмыстық қудалау органының не уәкілетті лауазымды тұлғаның, осындай тауарларды тұлғаның сатып алу заңдылығының мән-жайларын растауы негіз болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Заңсыз өткізілген тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік рәсімді таңдауды декларант Кодекстің 208-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      7. Заңсыз өткізілген тауарларды декларациялау кезінде декларация "Тауарларға арналған декларация нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен белгіленген тәртіпте (бұдан әрі – Тәртіп), мынадай ерекшеліктерді есепке ала отырып толтырылады:

      1) декларант Тәртіпке сәйкес декларацияның 1, 3, 4, 5, 7, 14, 16, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 41, 44, 45, 46, 47, 48, В, 54 бағандарын толтырады;

      2) декларацияның 7-бағанында "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес "ЗӨТ" коды көрсетіледі;

      3) декларацияның 44-бағанында Кодекстің 179-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растау үшін қажетті болып табылатын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі;

      4) мемлекеттік кірістер органы декларацияның бағандарын Тәртіптің ХІ бөліміне сәйкес толтырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Заңсыз өткізілген тауарларды жіктеу Кодекстің 40-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Заңсыз өткізілген тауарлардың кедендік құны "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына әкелінген декларацияланбаған тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 180 шешіміне сәйкес анықталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу Кодекстің 77 және 88-баптарында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Декларант заңсыз өткізілген тауарларды декларациялаудан бас тартқан жағдайда Кодекстің 52-тарауына сәйкес шаралар қабылданады.

      12. Заңсыз өткізілген тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылған кезде, мұндай тауарларға қатысты Кодекстің 39-тарауының ережелері қолданылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Осы Қағидалар ЕАЭО аумағына әкелуге тыйым салынған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымға тыйым салынған заңсыз өткізілген тауарларға қолданылмайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Осы Қағида Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемесі туындайтын, тауарларды заңсыз өткізетін тұлғаларға қатысты қолданылады.

      Заңсыз өткізуге қатысушы тұлғалар, егер олар мұндай алып өту заңсыздығы туралы білген немесе білуге тиіс болса, ал ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде, заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне немесе иелігіне алған тұлғалар да, егер сатып алу сәтінде олар ЕАЭО кедендік аумағына оларды әкелу заңсыздығы туралы білген немесе білуге тиіс болса, тауарларды заңсыз өткізуші тұлғалармен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады