Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді беру қағидаларын және олардың нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16528 болып тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 726 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 27.07.2021 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшартардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттарды жасау және қолданысын тоқтату бойынша мәліметтердің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      _________ Ж.М. Қасымбек

      20__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 199 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшартардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшартардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) арасындағы мәліметтерді алмасу мақсатында әзірленген.

2-тарау. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшартардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді беру тәртібі

      2. Министрлік кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық келісімшарттарды жасаған не қолданысын тоқтатқан жағдайда, инвестициялық келісімшарт жасасқан күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде Комитетке инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғалар бойынша мәліметтерді, сондай-ақ осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аталған инвестициялық келісімшарттың қолданысын тоқтату бойынша мәліметтерді және өзге де мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жолдайды.

      3. Комитет Министрліктен мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, оларды заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына жолдайды.

      4. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы Комитеттен алынған мәліметтер бойынша инвестициялық келісімшарттарды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген заңды тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау бойынша шараларын қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Қажы министрінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 199 бұйрығына
2-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттарды жасау және қолданысын тоқтату бойынша мәліметтер және өзге де мәліметтер

Р/с№

Заңды тұлғаның атауы

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi

Келісімшарттың №

Келісімшарт жасасқан күн

Келісімшартты қолдану мерзімі

Инвестициялық келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату күні

Инвестициялық преференциялардың түрлері

Өзге де мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























      Аталған нысандарды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшаға сәйкес келтірілген.

  Қазақстан Республикасының
кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына
сәйкес жасалған және инвестициялық
басым жобаларды іске асыруды
көздейтін инвестициялық
келісімшарттарды жасау және
қолданысын тоқтату бойынша
мәліметтер және өзге де
мәліметтер нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттарды жасау және қолданысын тоқтату бойынша мәліметтер және өзге де мәліметтер" нысандарын толтыру бойынша түсіндірме

      "Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттарды жасау және қолданысын тоқтату бойынша мәліметтер және өзге де мәліметтер" деген нысан мынадай түрде толтырылады:

      "№" деген 1-бағанда реті бойынша нөмiрi көрсетiледi. Одан кейiнгi ақпарат ретібойынша нөмiрлеудi үзбеуі тиіс.

      "Заңды тұлғаның атауы" деген 2-бағанда Министрлікпен инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

      "БСН" деген 3-бағанда Министрлікпен инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      "Келісімшарттың №" деген 4-бағанда инвестициялық келісімшарттың нөмірі көрсетіледі.

      "Келісімшарт жасасқан күн" деген 5-бағанда инвестициялық келісімшарт жасасқан күн көрсетіледі.

      "Келісімшартты қолдану мерзімі" деген 6-бағанда инвестициялық келісімшартты қолдану мерзімі көрсетіледі.

      "Инвестициялық келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату күні" деген 7-бағанда инвестициялық келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату күні көрсетіледі.

      "Инвестициялық преференциялардың түрлері" деген 8-бағанда Салық кодексінде көзделген инвестициялық преференциялардың түрлері көрсетіледі.

      "Өзге де мәліметтер" деген 9-бағанда инвестициялық басым жобаның шеңберінде өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады