Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 16849 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 122 бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уран өндіру үшін жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Тізілім).

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Тізілімді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште құзыретті орган жүргізеді.

      4. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт (оларға толықтыру) құзыретті орган оған қол қойған күні Тізілімге енгізілуге тиіс.

      5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтаған кезде тиісті мәліметтер Тізілімге енгізіледі.

  Жер қойнауын пайдалануға
жасалған келісімшарттардың
тізілім жүргізу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімі

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың және оған толықтырудың атауы

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың және оған толықтырудың №, келісілген күні

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшартқа толықтыруды қарау мәні (барлау немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту; жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту немесе азайту; жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу

ТАӘ (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттта бар болса)/ жер қойнауын пайдаланушының атауы

Жер қойнауын пайдаланушының деректемелері (жеке тұлғалар үшін – тұратын жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер; заңды тұлғалар үшін – тұратын жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер)

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт және оларға толықтырулар жасалған хаттама №, күні

1

2

3

4

5

6

7








      Кестенің жалғасы:

Пайдалы қазбаның түрі

Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрі

Жер қойнауы учаскесінің шегі

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы тоқталғаны туралы мәліметтер

8

9

10

11

12







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады