"Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17623 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 436 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.10.2022 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.А. Оршубеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық нұсқадағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресмия жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім (А.Ж. Тойбаев), Техникалық және кәсіптік білім (Н.Ж. Оспанова), Мектепке дейінгі және орта білім (Ш.Т. Каринова) департаменттері "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  2018 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 522 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
бұйрығына қосымша

"Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды.

      2. Осы Бағдарламада мынадай термин қолданылады:

      "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама.

2-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты

      3. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты:

      1) білім беру салалары мазмұнының құндылық әлеуетін жандандыру;

      2) қосымша білім беру мен оқудан тыс іс-әрекет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейту;

      3) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылын жандандыру болып табылады.

      4. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары білім беру ұйымдарында қолданылады.

3-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны

      5. Адамның үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуы балаларды тәрбиелеу және оқыту жүйесінің төмендегідей компоненттерінің мазмұны арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) оқыту-тәрбиелеу процесі;

      2) қосымша білім беру;

      3) отбасымен, білім алушылардың заңды өкілдерімен ынтымақтастық;

      4) білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылы.

      6. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны (бұдан әрі – Мазмұн) мыналарға негізделеді:

      - гуманистік бағыттылық қағидатына – гуманистік идеялардың және жалпыадамзаттық құндылықтардың құндылық негізінде білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру;

      - ұлттық мұра қағидатына – жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлттық мәдениет призмасы арқылы тану;

      - әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидатына - білім алушыларға адамгершілік-рухани білім беру мақсатында қоғамдық институттарды топтастыру;

      - табиғатпен сәйкестілік қағидатына - тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін, физикалық және психологиялық денсаулық жай-күйін есепке алу.

      7. Мазмұн өзінің мақсатын, отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің әлеуметтік рөлін түсіну үшін білім алушының өзін, басқа адамдарды, қоршаған әлем мен адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін адам туралы интеграцияланған білім негізінде құрылады.

      8. Мазмұн білім алушылардың мынадай түйінді құзыреттерін:

      1) өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын;

      2) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік таңдауға дайындығын және әртүрлі өмірлік жағдайларда оның негізінде әрекет ету қабілеттілігін;

      3) жасампаздық белсенділікті, азаматтықты және отансүйгіштікті таныту дайындығын, қоғамға қызмет ету дағдысын;

      4) адамдармен тілектестік қарым-қатынас құруын, топпен жұмыс жасай білуін;

      5) салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

4-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері

      9. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері оқытудың практикалық-бағдарланған шарттарын:

      1) оқу пәндерінің және сабақтан тыс іс-шараларының мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялауды;

      2) білім алушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын жүйелі дамытуды;

      3) оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде әлеуметтік бағытталған жобалық қызметті пайдалануды;

      4) оқу-тәрбие үдерісінде, ата-аналардың қоғамдастығын адамгершілік-рухани ағартуда ата-аналардың қатысуын жандандыруды;

      5) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мақсатында қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен, әлеуметтік институттармен серіктестікті айқындайды.

      10. Бағдарлама:

      1) білім беру салаларында "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім берудің құндылық әлеуетін интеграциялау бойынша білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен 100% қамтамасыз етілуіне;

      2) қоғамдық пайдалы қызметпен, қосымша білім берумен білім алушылардың 100% қамтылуына;

      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, орта білім беру (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім), жоғарғы білім беру ұйымдары педагогтарының "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бойынша біліктілікті арттырумен 100% қамтылуына негізделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады