Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округі Каменка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 6943 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы негізінде, Каменск ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округі Каменка ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Набережная көшесі Мұхамеджан Тынышбаев көшесіне;

      2) Московская көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

      3) Киров көшесі Ілияс Жансүгіров көшесіне;

      4) Заготзерно көшесі Қанай би көшесіне;

      5) Лесная көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Каменск ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы
Л.Сахнова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады