Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № а-6/216 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 маусымда № 6699 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № а-11/534 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 25.11.2019 № а-11/534 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұратовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының
ішкі істер департаментінің Бурабай
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ө.Б. Бейсенов

      2018 жылғы "07" 06


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитеті Ақмола облысының
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Бурабай аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
С.І.Жолдаспаев

      2018 жылғы "07" 06


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
И.А.Рзаев

      2018 жылғы "07" 06

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "07" 06.
№ а-6/216 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орындары

1.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, № 15 "А", "Шаңырақ" дүкеннің ауданы

2.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Караван" дүкеннің ауданы

3.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Бурабай" дәмханасының ауданы

4.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, С. Сейфуллин атындағы орта мектептің ауданы (жаңа желекжол)

5.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Береке-Бурабай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базарына қарсы орналасқан, Бурабай көлінің жағажайына өткел

6.

Бурабай кенті, Озерная көшесі, "Костанай" дүкенінің артындағы Бурабай көлінің жағажайына өткел

7.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Береке-Бурабай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базары мен "Эдем" мейманханасының арасында

8.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі № 27, "Нұрсәт" мейманханасының ауданы

9.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі № 27, "Інжу" мейманханасының ауданы

10.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Глория" мейманханасының ауданы

11.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Арлан" дәмханасының ауданы

12.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Жансая" мейманханасының ауданы

13.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, № 35 үйдің ауданы

14.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, № 20 "Б", "Алма-Ата" қонақ үйінің ауданы

15.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, № 23 үйдің ауданы, "Бурабай кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарсы

16.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, № 17 үйдің ауданы, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің артында

17.

Бурабай кенті, Алимусиных көшесі, сорғы станциясының ауданы

18.

Бурабай кенті, Советская көшесі 14 "А", "Плаза" дүкенінің ауданы

19.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, "Юна" дәріханасының ауданы

20.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі № 23 "Б", "Эдем" мейманханасының ауданы

21.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі № 36, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы

22.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, Шіркеудің ауданы

23.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі № 47/1, бұрынғы Абылайхан мұражайы ауданы

24.

Бурабай кенті, Кенесары көшесі № 57 "А", айналма жол айрығының ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады